
Жастар ісі жөніндегі комитет
Жастар ісі жөніндегі комитет " Polytech jastary " студент жастардың тыныс-тіршілігінің маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдау мен іске асыруға бағытталған мақсаттарды іске асыру үшін құрылды.
Жастар ісі жөніндегі комитеті «Polyteсh jastary» ұйымының мақсаты - студенттердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуіне, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту қабілетін дамытуға жәрдемдесу.
Жастар ісі жөніндегі комитеті «Polyteсh jastary» ұйымының міндеттері:
- Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және білдіруге, оның ішінде олардың мүдделерін қозғайтын білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
- студенттердің бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға жәрдемдесу;
- колледждің құрылымдық бөлімшелеріне білім беру және тәрбие процесі аясында
өткізілетін іс-шараларға ықпал ету;
- студент жастарды жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға тікелей қатысуға тарту;
- Перспективалық қоғамдық маңызы бар жастар бастамалары мен бағдарламаларын
іске асыруға қатысу.
ЖІК «Polyteсh jastary» ұйымы мынандай бағыттар бойынша секторлар құрамын қалыптастырып және бекітіледі.
• Әлеуметтік саясат және волонтерлік;
• Ақпараттық-медиалық даму;
• Инновациялық даму және зияткерлік;
• Спорттық-сауықтыру;
• Құқықтық білім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
• Шығармашылық-демалыс және дебаттық жобалар.
Жастар ісі жөніндегі комитеті «Polyteсh jastary» ұйымының жұмысы студенттердің қызығушылығын қолдауға, жастар саясатының аясында студенттердің өзін-өзі басқару қабілетін дамытуға негізделген.
ЖІК «Polyteсh jastary» ұйымының жоспарын жүзеге асыру және оны толығымен іске асыру үшін шараларды әзірлеп, колледжде, топтарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен жетілдіруге қатысып, студенттік ұжымдарда шығармашылық ортаны, бір-біріне көмекке келу атмосферасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар жастар санасына отаншылдықты, рухани-адамгершілікті сіңіре отырып белгілі бір бағыттар бойынша байқауларды, конкурстарды ұйымдастырады. Студент жастар арасындағы құқық бұзушылық, жемқорлық іс-әрекеттер мен діни экстремизмге қарсы алдын алу іс-шараларын, қоғамдық-саяси, адамгершілік, этно-мәдени және салауатты өмір салтын насихаттайтын кездесулер мен дөңгелек үстелдер, спорттық әр түрлі іс-шаралар, волонтерлік жұмыстарын ұйымдастырып іс-шараларды өткізу ЖІК негізгі міндеті мен атқаратын қызметі болып табылады. Сонымен қатар Республикалық, қалалық, аудандық іс-шараларға, конкурстарға белсене қатысып жүлделі орындарға иеленіп отырады.

Ануарбеков
Берікжан
Құқықтық білім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
berikzhananuarbekov@gmail.com
87766385605
2021-2022 оқу жылы
2022-2023 оқу жылы