Психологиялық қызмет көрсету кабинетінде психолог Төлеубаева Майра Сапарғалиқызы және Жиенбаева Айжан Сабиталиевна жұмыс жасайды. Колледж студенттері кез келген уақытта психологтың қызметіне жүгініп, білікті психологиялық көмек ала алады. Мұнда сізге туындаған интеллектуалдық және физикалық психоэмоционалды күйзелістерден оңтайлы шығу жолдарын, өз мүмкіндіктеріңізді саналы тұрғыда дұрыс бағалауды, мақсатқа жетудің және өмірдегі қиындықтарды жеңудің оңтайлы жолдарын өз бетінше табуға көмектеседі.
Колледждің психологиялық қызметі – бұл студенттерге қолайлы психологиялық жағдай жасауға және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған жүйе. Психологиялық қызметтің басты міндеттерінің бірі - білім алушылардың тұлғасын зерттеу, ұжымға бейімделуге, құрдастарымен және оқытушылармен қарым-қатынас жасауда көмектесу болып табылады.
Психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету, олардың денсаулықтарын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, стресске төзімділікті және психологиялық тұрғыда қауіпсіздігін қамтамасыз ету.