«Сахна сазы» драма үйірмесінің бағдарламасы

1. Мақсаты: студенттердің рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
- оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;
- ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
2. Міндеті:
- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
- актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.
3. Жаңашылдығы:
- бағдарламада театрлық - ойын әрекетінің құралдары жүйеленген, балалар шығармашылығының түрлі жанрлары театрлық көрініске ену арқылы іске асуына негізделген.
Кіріспе.
Эмоционалдық ұялшақтықтан, қысылып - қымтырылудан арылу мен сөзді, образды сезіне білу мен кейіпкерге ене білуді үйренудің ең дұрыс жолы - бұл ойын қиялдау мен құрастыра білу. Мұның барлығын да театрландырылған үйірме бере алады. Бұл үйірме тек спектакль қою ретінде ғана қарастырылмайды, сонымен қатар, қара өлең оқу, ән айту. Театр өнерімен шұғылдану студенттердің ойлау қабілеті мен таным қызығушылығын белсендіруі, қиялы мен елесін оятуы, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын оятуы өте маңызды. Үйірме - оқушылардың іс - әрекетінің сабақтан гөрі басқа бір түрі. Үйірмеде балалар назары мәселені өздері қоюға, ойлану мен жетекші көрсетіп берген бағытта өздік жұмыстарын дамытуға, таным қабілеттерін дамытуға бағытталады. Олар тапсырманы орындауда жеке, ұжымдық жұмыстарды жасай отырып, қажетті құралдар мен әдіс-тәсілдерді өздері таңдайды. Сенімділік, оқушылар мен жетекшінің біріккен қызметі, дидактикалық материалмен бірігіп жұмыс жасау, өнердің басқа түрлерімен байланыс, бәрі - оқушының жеке тұлғасының дамуына әсер етеді.

Колледж студенті бол!

Талапкерлерге арналған «сұрақтар мен жауаптар»

Байланыс телефондары

Анықтама: +7 727 393 39 52

Қабылдау комиссиясы: +7 702 958 26 37

Пошта: polytech@aspc.kz